Газада әуеден тасталған гуманатарлық көмек 5 адамды мерт қылды

АҚШ пен Иордания палестиналықтардың өліміне әкелген гуманитарлық көмек көрсету оқиғасына қатысы жоқ екенін мәлімдеді

Админ
09/03/2024 - 15:13

AFP

AFP

8 наурызда гуманитарлық көмекті әуеден тастау салдарынан Газа секторында 5 адам қаза болып, 11 адам жарақат алды. Бұл туралы ХАМАс бақылауындағы Денсаулық сақтау министрлігі мен америкалық CBS News телеарнасының куәгерлері хабарлады.

Жұма күні АҚШ, Иордания, Египет, Франция, Нидерланд және Бельгия Газа секторына гуманитарлық көмек көрсетті. АҚШ қорғаныс ведомствосының өкілі CBS-ке алғашқы талдау нәтижелері бойынша америкалықтардың ұшағы жер бетіндегі адам өліміне жауапты емес екенін айтты, бірақ тергеуді жалғастыру қажет екенін де ескертті. Оның айтуынша, әскерилер барлық гуманитарлық жүк жәшіктерінің штаттық режимде қонғанын растады.

Иордания билігі де оқиғадан алшақтады. Бұл елдің мемлекеттік ақпарат агенттігі науқанға қатысқан ұшақтардың ешқайсысында техникалық ақау болмағанын хабарлады.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ гуманитарлық көмек жеткізу үшін Газада уақытша порт салатынын мәлімдеді.

×

Редакция

$ 478.96  533.03  5.22