Франция компаниялары Украинада әскери техника шығаратын болды

Бұл туралы Францияның Қорғаныс министрлігі мәлім етті

Админ
08/03/2024 - 22:27

Fact millitary

Fact millitary

Францияның Қорғаныс министрі Себастьен Лекорнюдің айтуынша, кейбір франциялық компаниялар әскери техниканы Украина аумағында жасайтын болады, деп хабарлайды reuters.com сайты. 

Үш франциялық компания украиналық әріптестерімен бірігіп, дрондар мен жердегі техниканы өндіру секторында қосалқы бөлшектер жинайтын болады. Сондай-ақ болашақта оқ-дәрілер де шығару мүмкін – деді министр.

Оның айтуынша, басты идея алғашқы өндірістік қондырғыларды осы жазда іске қосу.

Жобаға қатысатын компаниялардың қатарына KNDS танк өндірушісі болуы мүмкін. Бұл франциялық Nexter мен германиялық Krauss-Maffei-Wegmann құрған холдинг екенін айта кетейік. 

×

Редакция

$ 471.83  505.66  5.4