СҚО-да ауыл тұрғынынан екі қап есірткі табылды

Ер адам маскүнем ретінде есепте тұр

Sarbaz.kz редакторы
07/03/2024 - 20:10

Фото: Polisia.kz

Фото: Polisia.kz

СҚО полицейлері ауыл тұрғынының үйінен екі қап марихуана тәркіледі. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Солтүстікқазақстандық полицейлер Аққайың ауданының 55 жастағы тұрғынының үйінен екі қап кептірілген марихуана тәркіледі. Ер адам маскүнем ретінде есепте тұр. Ас үйдегі газды плитаның артында өсімдік тектес зат салынған 2 қап анықталып, тәркіленді. Оның жалпы салмағы 8 келі 910 грамды құрады.

Ұсталғанның айтуынша, алкогольдің орнына жабайы қарақурайды пайдалану үшін ірі мөлшерде сақтап келген.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

«Есірткіні өткізу фактілері және құрамында есірткі бар заттарды өсіру деректері болған-болмағанын анықтау үшін барлық мән-жайлар тексеріледі. Жыл басынан облысымызда 59 есірткі құқық бұзушылығы анықталды, заңсыз айналымнан 15 келіге жуық түрлі есірткі тәркіленіп алынды», – дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.

×

Редакция

$ 471.46  504.79  5.53