Өрт сөндіруге ТЖД-ның 20 қызметкері және 5 техникасы жұмылдырылды
Алматылық құтқарушылар Медеу ауданындағы жанып жатқан үйден 57 жастағы ер адамды құтқарды. Бұл туралы Sarbaz.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, 6 наурыз күні сағат 18.58-де Алматы қаласында жеке тұрғын үйде алдын ала болжам бойынша 250 шаршы метр өртенді, ол көршілес 2 қабатты жеке тұрғын үйдің шатырына таралды.
«Сағат 19.18-де өрт оқшауланып, 20.02-де өрт сөндірілді. Өрт орнынан 1967 жылы туған ер адам құтқарылып, жедел медициналық жәрдемге тапсырылды.
Қабылданған шаралармен көрші үйге өрттің таралуына жол берілмеді.
Өрттің себебі анықталып жатыр. Өртке Алматы қаласы ТЖД 20 адамы және 5 техникасы жұмылдырылды», - делінген министрлік хабарламасында.