Ресей-Украина соғысы: Одесса портына жасалған шабуылдан бес адам қаза тапты

Шабуылдан жараланғандар бар, олардың саны нақтыланып жатыр

Sarbaz.kz редакторы
07/03/2024 - 14:35

Фото: Украинаның төтенше жағдайлар қызметі

Фото: Украинаның төтенше жағдайлар қызметі

Украина Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің спикері Дмитрий Плетенчуктің мәліметінше, Ресей Украинаның Одесса портына зымыран шабуылын жасады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Жау қаланың порт инфрақұрылымына соққы берді. Бес адам қаза тапты», - деді Плетенчук.

Оның айтуынша, жаралылар бар, олардың саны нақтыланып жатыр.

Ал Ресей қорғаныс министрлігі «Украина Қарулы Күштерінің экипажсыз қайықтарын жауынгерлік қолдануға дайындық жүргізіліп жатқан» Одесса портындағы ангарға зымыран шабуылы жасалғанын мәлімдеді.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91