2022 жылдан бері жалпы 1 трлн теңгеден астам қаржы қайтарылды
Қайрат Сатыбалдының мемлекетке жалпы көлемі қанша қаржы қайтарғаны белгілі болды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
«2022 жылдан бері жалпы 1 трлн теңгеден астам қаржы қайтарылды. Оның ішінде 732,8 млрд теңге Қайрат Сатыбалдыға қатысты қатысты іс аясында қайтарылды. Ол қамауда болған кезде қонақүй сатып алды деген мәселеге қатысты ақпаратты егжей-тегжейлі қарап, нақтылау керек», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов.