ІІМ-нің 200-ге жуық қызметкері сыбайлас жемқорлықпен ұсталған
Антикор Қазақстан министрліктеріндегі сыбайлас жемқорлық деңгейі туралы айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
2023 жылы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін ең көп қызметкер әшкереленді:
Жалпы сандар туралы айтатын болсақ, 2023 жылдың қорытындысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік органдар мен ұйымдарға 677 ұсыныс жолдады. Олардың көпшілігі әртүрлі деңгейдегі әкімдіктерге (384), ішкі істер органдарына (366), қаржы министрліктері жанындағы мекемелерге (53), қорғаныс (16), ауыл шаруашылығы (14), индустрия және инфрақұрылымдық даму (13), денсаулық сақтау (8), экология және білім беру (әрқайсысы 6), сондай-ақ квазимемлекеттік сектор (32) және басқалар.
Нәтижесінде, 814 адам түрлі жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде тәртіптік жауапкершілікке – 812 адам.