Оның ішінде 6 мыңнан аса келісімшарт бойынша әскери қызметші бар
Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Қазақстан армиясындағы нәзік жандылардың үлесі туралы мәлім етті. Бұл туралы Sarbaz.kz қорғаныс ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Министр Қазақстан әскерінде 12 мыңнан астам әйел қызмет ететінін, оның ішінде 800-ге жуық офицер, 6 мыңнан аса келісімшарт бойынша әскери қызметші және 5 мың азаматтық персонал қызмет ететінін айтты. «Полковник» әскери шенінде 25 әйел болса, 11 нәзік жанды басшылық лауазымдарда, 55-і мемлекеттік наградалармен марапатталған.
– Әскери қызметші әйелдер оқу-жауынгерлік міндеттерді ер-азаматтармен тең орындай отырып, адал қызмет атқарып жүр. Олардың арасында теңізшілер, десантшылар, барлаушылар, мергендер, механик-жүргізушілер де бар. Кәсіп таңдауда әрбіріңіздің өз жолыңыз, өз тағдырыңыз бар, – деп атап өтті министр.