Жауапты басшы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды
Ақмола облысының табиғат қорғау прокуратурасы орман шаруашылықтары мен ұлттық парктердің орманды кесу көлемін негізсіз асыра көп есептеу фактілерін анықтады. Бұл туралы Sarbaz.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Анықталған заң бұзушылықтарды жою үшін Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының атына прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.
«Қарау нәтижесінде 16 орман шаруашылығы мен ұлттық парктер кесуге мәлімдеген 108,9 мың текше метр орманның 46% немесе 50 мың текше метрден астамы алынып тасталды.
Жоғарыда аталған инспекция бөлімінің жауапты басшысы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Осылайша, прокуратураның шараларымен орман қорын 420 гектарға ұтымды пайдалану және сақтау қамтамасыз етілді», - делінген хабарламада.