Гаитидегі жағдай: бүлікшілер премьер-министр орнына кетпесе, азаматтық соғыс болатынын айтты

Бүлікшілер әуежай мен полиция академиясына шабуыл жасады

Sarbaz.kz редакторы
06/03/2024 - 19:57

Фотода: Бүлікшілер тобының жетекшісі; Reuters

Фотода: Бүлікшілер тобының жетекшісі; Reuters

Гаитиде бүлікшілер премьер-министр Ариэль Анриге қарсы соғыс жариялаған кейін полиция академиясына және елдің басты әуежайына шабуыл жасады. Шетелдік сапардан оралған Ариэль Анридің ұшағы амалсыздан көрші Пуэрто-Рико аралына қонды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тоғыз банда конгломератының жетекшісі, Барбекю деп аталатын бұрынғы полиция қызметкері Джимми Шеризье БАҚ өкілдеріне берген пікірінде премьер-министр орнынан кетпесе, елде соғыс басталатынын айтты.

«Егер Ариэль Анри отставкаға кетпесе әрі халықаралық қауымдастық оны қолдауын тоқтатпаса, біз азаматтық соғыс жасаймыз. Ал бұл геноцидке әкеледі», — деді БҰҰ-ның адам құқықтарын бұзғаны үшін санкцияланған Барбекю.

Бүлікшілер сейсенбі күні түстен кейін Гаити астанасы Порт-О-пренске 800-ден астам кадет оқитын полиция академиясына шабуыл жасады. Полиция шабуылға тойтарыс берілгенін хабарлады.

Атыс Порт-о-Пренс қаласында орналасқан елдің басты әуежайының жанында да естілді. Әуежайдан 250 кубалық азамат ұшып кетуі тиіс болатын. Бірақ төтенше жағдайға байланысты мүмкін болмады.

«Біз ұшаққа отыруымыз керек еді, бірақ олар ұшақтан оқ тесігін тапты», — деп түсіндірді жолаушылардың бірі.

×

Редакция

$ 498.55  524.28  4.75