Ақтөбе облысында ірі жол апатынан 8 адам қаза болды

Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің жасы нақтылап жатыр

Sarbaz.kz редакторы
06/03/2024 - 16:53

Фото: instagram.com/aqtobe_sergek

Фото: instagram.com/aqtobe_sergek

Ақтөбе облысында ірі жол апатынан 8 адам қаза болды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қайғылы оқиға Ақтөбе-Астрахан тас жолының 120 шақырымында сағат 08:36-да болған. Әлеуметтік желіде таралған ақпаратқа сәйкес, LADA Largus пен Toyota Hilux соқтығысқан.

«Апат салдарынан Lada Largus көлігі өртенді. 8 адам қайтыс болды. Үш науқас Мұғалжар аудандық ауруханасына жеткізілді. Жергілікті жерде 103 жедел жәрдем бригадасы жедел медициналық көмек көрсетті», - деді Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрбол Тымпиев.

Полиция қаза тапқандар мен зардап шеккендердің жасын және басқа деректерін әлі де нақтылап жатыр.

Тегтер

×

Редакция

$ 481.84  531.33  5.07