Терроризмді насихаттаған күдіктілер ұсталды

Олар әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттағаны үшін күдікке ілінді

Sarbaz.kz редакторы
06/03/2024 - 17:21

Шымкентте терроризмді насихаттаған күдіктілер ұсталды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Осы жылдың 6 наурызында ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның көмегімен Шымкент қаласының екі тұрғынын ұстады.

«Олар әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттағаны үшін күдікке ілінді.

Тергеу материалдары бойынша ертеректе ұсталғандардың біреуі алыс шет елдерге шығып, шамамен сол жерде радикалды діни идеологияны қабылдаған», - делінген хабарламада.

Тегтер

×

Редакция

$ 472.57  508.34  5.4