Франция Украинаға 800 мың снаряд сатып алып беруге көмектеседі – Макрон

Бұл бастаманы жүзеге асыруға 15-ке жуық ел қолдады

Sarbaz.kz редакторы
06/03/2024 - 15:57

Фото: EPA

Фото: EPA

Франция президенті Эммануэль Макрон Париж Праганың өзге елдерден Украинаның қарулы күштеріне оқ-дәрі сатып алу туралы бастамасын қолдайтынын айтты. Бұл туралы Эммануэль Макрон Прагаға сапары кезінде мәлімдеді,  деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Чехия президенті Петр Павелмен бірлескен баспасөз мәслихатында Макрон Франция үкіметі бұл бағдарламаға елдің қалай қатыса алатыны туралы нақты ұсыныстар жасайтынын айтты.

Ақпан айының ортасында Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясында Петр Павел өзге елдерден 800 мың артиллериялық снаряд сатып алу мүмкіндігі табылғанын айтты. Бұл бастаманы жүзеге асыруға 15-ке жуық ел, оның ішінде Ұлыбритания, Бельгия, Дания, Канада, Швеция және Нидерланд қаражат бөлуге келісті.

Макрон сонымен қатар Батыс әскерлерін Украинаға жіберу мүмкіндігі туралы өзінің соңғы мәлімдемесіне түсініктеме берді.

«Мен стратегиялық серпіліске шақырдым және бұл идеяны толығымен қолдаймын. Біз Еуропада қалыптасып жатқан жағдайды, болуы мүмкін қиындықтарды және нені қорғауымыз керек екенін нақты білгеніміз жөн», - деді Эммануэль Макрон.

Чехия президенті Петр Павел өз кезегінде Украинаға көмектесудің барлық мүмкіндігін қарастыру керек екенін айта келе, әскер жіберу туралы идеядан үзілді-кесілді бас тартты.

«Украина шабуылға ұшырағанына қарамастан, әлі де тәуелсіз мемлекет. Егер оның аумағында оқу-жаттығу миссиясы болса, бұл кез-келген халықаралық нормаларды бұзу болып есептелмейді. Сол себепті, Украинаға көмек көрсету – бізге байланысты», - деді Чехия президенті.

Украина президенті Владимир Зеленский сейсенбіде Халықаралық қылмыстық соттың Украинаның азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасалған шабуылдарға қатысты айыптаулар бойынша Ресейдің екі жоғары дәрежелі әскери қызметкерін қамауға алу туралы шешімін құптады.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91