Аштық, соғыс, қару-жарақ қоймасының табылуы: Газадағы қазіргі ахуал қандай?

ХАМАС бақылауындағы денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, бір күнде Газада 97 палестиналық қаза тапты

Sarbaz.kz редакторы
06/03/2024 - 15:49

Фото: Euronews

Фото: Euronews

Израильдің Газадағы Хан-Юнис қаласына жасаған соққысынан кем дегенде 10-нан аса палестиналық қаза тапты. Бұл туралы араб басылымдары жариялады. Ал IDF әскерилер содырлардың инфрақұрылымын жоюға бағытталған операциялар өткізді деп мәлімдеді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Газа секторының оңтүстігіндегі Хан-Юнис қаласына Израильдің соққысынан кем дегенде 17 палестиналық қаза тапты, деп жазады араб басылымдары.

Ал Израиль әскерилер содырлардың инфрақұрылымын жоюға бағытталған операциялар өткізді деп мәлімдеді. Рейдтердің бірінде әскерилер ХАМАС ұйымына тиесілі тағы бір қару-жарақ қоймасын тапты.

ХАМАС бақылауындағы денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, бір күнде Газада 97 палестиналық қаза тапты. Соғыс басталғаннан бері анклавтың 30,5 мыңнан астам тұрғыны қаза тапты. 70 мыңнан астам адам жарақат алды.

Сейсенбіде Газа секторына гуманитарлық көмектің қосымша партиялары әуе арқылы жіберілді. БҰҰ өкілдері азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізудің бұл түрі тиімді емес және қолдан келер соңғы шара екенін мәлімдеді. Ұйымның мәліметінше, Палестина анклавы халқының төрттен бір бөлігі аштық жағдайында өмір сүріп жүр. Мұндай жағдайға негізінен халықтың ең осал топтары, әсіресе кішкентай балалар ұшырайды.

Газаның солтүстік шекарасындағы Камаль Адван ауруханасында соңғы бірнеше күнде 15 бала аштықтан және шөлден қайтыс болды, деп хабарлады Газаның денсаулық сақтау министрлігі. Ал ЮНИСЕФ мұндай жағдай шын мәнінде болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

ДДҰ мәліметі бойынша Газа секторында 36 аурухананың 23-і жұмыс істемейді.

×

Редакция

$ 478.96  533.03  5.22