Қостанайда пәтер ішіне есірткі өсіргендер ұсталды

Үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған

Sarbaz.kz редакторы
05/03/2024 - 21:20

Фото: Polisia.kz

Фото: Polisia.kz

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі пәтерде ұйымдастырған. Тінту кезінде полицейлер жалпы салмағы 12,5 келі болатын қарасора бұталарын тәркіледі. Мұнда арнайы жабдықтар да болды: жарық және диодты шамдар, термометрлер, желдеткіштер, ылғалдылықты өлшеу құралдары.

Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері екі ер адамды ұстады.

«Фитозертхана құрамында есірткі заттары бар қарасора өсіруге арналған. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр», – деп атап өтті басқарма бастығы Нұржан Ахметов.

Адамдардың өзге де қылмыс жасауға қатысы бар-жоғы тексерілетін болады.

Қарасора өсіргені үшін үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары қылмыстық жаза қарастырылған.

Тегтер

×

Редакция

$ 482.86  533.17  5.08