Жалған екпе қою: прокурорлар заңсыз әрекеттерді анықтады

Қызылша мен сібір жарасына қарсы жалған екпенің 70-тен астам фактісі анықталды

Sarbaz.kz редакторы
05/03/2024 - 20:08

Фото: AFP 2024 / TIZIANA FABI

Фото: AFP 2024 / TIZIANA FABI

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары жалған екпе қою фактілерін анықтады, деп хабарлайды Sarbaz.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық денсаулық сақтау мекемелеріндегі тексерулер медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұтымсыз пайдалану, жалған екпе қою және ресми құжаттарды бұрмалау сияқты өрескел заң бұзушылықтарды анықтады.

Осылайша, санитарлық ережелердің талаптарын бұза отырып, денсаулық сақтау қоймасында 7,8 млн теңге сомасында 1,8 мың доза көлемінде қызылша, паротит, қызамық және А гепатитіне қарсы жарамдылық мерзімі өтіп кеткен вакциналар болғаны анықталды.

«Прокурорлық тексерулер қызылша мен сібір жарасына қарсы жалған екпенің 70-тен астам фактісін, сондай-ақ қалалық емханалардың бірінің медицина қызметкерлерінің ресми құжатты бұрмалау фактілерін анықтады.

Биыл 4 ақпанда прокуратура органдарының материалдары негізінде Петропавл қалалық полиция басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабы «Жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау және өткізу бойынша» сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Жалпы, анықталған бұзушылықтар медициналық мекемелердің Бюджет кодексінде көзделген заңды негіздемесіз иммунобиологиялық препараттарды сатып алуға өтінімдерді қалыптастыруына байланысты болған», - делінген хабарламада.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91