Украина мен Испания қауіпсіздік туралы келіссөздерді бастады

Украина бүгінге дейін бірнеше елмен келісім жасаған

Sarbaz.kz редакторы
05/03/2024 - 14:40

Фото: AP / Evgeniy Maloletka

Фото: AP / Evgeniy Maloletka

Украина мен Испания өкілдері қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы екіжақты келісім жасасу туралы келіссөздерді бастады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Болашақ келісімнің құрылымы талқыланды және одан әрі келіссөздер кестесі келісілді», — делінген Украина президенті кеңсесінің хабарламасында.

Қауіпсіздік туралы келісімдер 2023 жылдың шілдесінде Вильнюстегі НАТО саммитінде қабылданған негіздемелік декларацияға сәйкес жасалады. Бұл декларацияға оннан астам ел қосылды.

Бүгінге дейін Украина Ұлыбританиямен, Германиямен, Франциямен, Даниямен, сондай-ақ Италиямен, Канадамен және Нидерландпен қауіпсіздік туралы келісімдерге қол қойған.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91