Алматыдағы жер сілкінісі: қанша үйге зақым келді?

Халықты қабылдау пункттерінде 102 адам, оның ішінде 43 бала бар

Sarbaz.kz редакторы
05/03/2024 - 14:18

Фото: әлеуметтік желіден

Фото: әлеуметтік желіден

ҚР ТЖМ Алматы қаласында жер сілкінісіне байланысты қанша үйге зақым келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Ведомство мәліметінше, жедел желі телефонына ақпараттық сипатта 239 қоңырау түсті.

«Қазіргі уақытта Алматы қаласының әлеуметтік нысандары мен көппәтерлі тұрғын үйлердегі бүлінулер туралы 156 өтініш түсті.

Халықты қабылдау пункттерінде 102 адам, оның ішінде 43 бала бар.

Тыныс -тіршілікті қамтамасыз ету обьектілері, сондай-ақ әуежай, теміржол вокзалдары мен метро штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Алматыдағы халықты қабылдау пунктерін толықтай Яндекс карталарында сілтеме бойынша немесе іздеу жолағына «Алматыда халықты қабылдау пунктері» деп теру арқылы табуға болады», - делінген хабарламада.

×

Редакция

$ 523.17  550.06  4.93