Ол 2022 жылы қазақстандық блогерге даулы сұхбат берген
Мәскеу соты Украинаның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Петр Врублевскийді сырттай тұтқындады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Дипломатты Ресей жеккөрушілік немесе араздық тудыру туралы қылмыстық іс бойынша халықаралық іздеуге берді.
2022 жылы қазақстандық блогерге берген сұхбатында Петр Врублевский украиналықтар ресейліктерді мүмкіндігінше көп өлтіруге тырысып жатқанын, есесіне «кейінгі ұрпақтың қолы қанға малынбайтынын» мәлімдеді.
Осы сөздерінен кейін Қазақстан СІМ оған наразылық білдірді. Елші кешірім сұрап, көп ұзамай елден кетті.