Сағат 12.54-те жер сілкінісі тіркелді
Алматыда тағы да жер сілкінді. Төтенше жағдайлар министрлігі мұның афтершок екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 4 наурызда сағат 12.54-те жер сілкінісі тіркелді.
«Жер сілкінісінің эпиорталығы Қытай аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысында 255 км жерде орналасқан – афтершок.
Сезілуі туралы ақпарат: Алматыда 2 балл», - делінген хабарламада.