Қосымша ақпарат ТЖД берген нұсқамаға сәйкес, тағы да жарияланатын болады
Алматы қаласында жер сілкінісіне байланысты метро тоннельдері тексерілетін болды. Бұл туралы Sarbaz.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мамандар метро тоннельдеріне тексеру жүргізетін болады. Осы орайда Алматы метрополитені ТЖД жұмыс орындарына оралуға рұқсат еткеннен кейін шамамен үш сағат көлемінде қайта іске қосылады. Қазіргі кезде метро аумағында ешқандай бұзылыс байқалған жоқ, жолаушышар сыртқа шығарылды. Қосымша ақпарат ТЖД берген нұсқамаға сәйкес, тағы да жарияланатын болады», - делінген хабарламада.