Қаланың барлық тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі қосылған – Алматы әкімдігі

Алматыда қуаты 5 балл болатын жер сілкінісі тіркелді

Sarbaz.kz редакторы
04/03/2024 - 17:49

Фото: Алматы әкімдігі

Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Ерболат Досаев сағат 11:40-тен бастап шұғыл штабта жиналыс өткізіп, қосымша іс-шаралар жоспарын талқылап жатыр. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, қаланың барлық тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі қосылған. Қалалық полиция бөлімі штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

«Барлық мектеп мен бала ашық, жиналу пункттері жұмыс істеп тұр.

Жедел жәрдем қызметі мен барлық көпсалалы аурухана, соның ішінде мамандандырылған аурухана, балалар ауруханалары, перзентханалар жұмысы жақсартылған режимде ұйымдастырылған», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, ҚР ТЖМ «СБЗҰҒҰ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 4 наурызда Алматы уақытымен 11 сағат 22 мин 05 сек (2024 жылғы 4 наурызда Гринвич бойынша 06 сағат 22 мин 06 сек) жер сілкінісі тіркелді.

×

Редакция

$ 523.17  550.06  4.93