Зілзала уақытындағы әрекет: жоғарғы қабаттарда болсаңыз, не істеу керек?

Құтқарушылар қорғану ережелері туралы айтты

Sarbaz.kz редакторы
04/03/2024 - 17:27

Фото: moskva.bezformata.com

Фото: moskva.bezformata.com

ҚР ТЖМ зілзала уақытында қалай қорғану керек екені туралы жадынама жариялады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Құрметті Алматы қаласының (Алматы және Жетісу облыстарының) тұрғындары!

Қазақстан аумағында Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстарында жер сілкінісі болды. Дүрбелеңге түспеуіңізді және келесі алгоритм бойынша әрекет етуіңізді сұраймыз», - дейді құтқарушылар.

Жерасты дүмпулері пайда болған кезде, егер сіз бірінші қабатта болсаңыз – сыртқа шығыңыз. Егер жоғарғы қабаттарда болсаңыз, жиһаздан, терезелерден, люстралардан алыстап, қатты, жүк көтергіш қабырғалардың бұрышында немесе есік ойықтарында тұрыңыз.

«Балалар мен қарттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз. Дүмпу тоқтағаннан кейін суды, газды, электр қуатын өшіріп, «дабыл чемоданын» алып, ғимараттан шығыңыз. Дүмпу кезінде лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз. Сыртта электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан, билбордтардан, қоршаулардан аулақ болыңыз. Қайта дүмпуге дайын болыңыз. Қарттар мен мүмкіндіктері шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.

Жақын маңдағы халықты қабылдау пунктіне барып, одан әрі нұсқаулар күтіңіз. Сабыр сақтап, тек ресми ақпарат көздеріне сеніңіз», - делінген хабарламада.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85