Жер сілкінісінің энергетикалық класы: 13.2
ҚР ТЖМ Алматыда 5 балдық жер сілкінісі болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
ҚР ТЖМ «СБЗҰҒҰ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 4 наурызда Алматы уақытымен 11 сағат 22 мин 05 сек (2024 жылғы 4 наурызда Гринвич бойынша 06 сағат 22 мин 06 сек) жер сілкінісі тіркелді.
«Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 км жерде орналасқан», - делінген хабарламада.
«Сезілетіндігі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): Алматы 5 балл», - делінген ҚР ТЖМ мәліметінде.