Ресейдің Украинаға шабуылы: Одессада 10-нан аса бейбіт тұрғын қаза болды

Қаза болғандардың ең кішісі – 4 айлық нәресте

Sarbaz.kz редакторы
04/03/2024 - 15:58

Ресей әскерінің Украинаның Одесса қаласындағы тұрғын үйлерге жасалған соққысынан 10-нан аса адам қаза тапты. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Одессада тоғыз қабатты тұрғын үйдің қираған жерінде іздеу-құтқару жұмысы аяқталды, онда сенбі күнгі дрон соққысынан 12 адам, оның ішінде бес бала бар, деп мәлімдеді Украина ІІМ басшысы Игорь Клименко.

«2016 жылы туған қыз баланың денесін үйінді астынан алып шығару процесін аяқтадық. Террорлық шабуылдан Тимоти есімді небәрі төрт айлық нәресте көз жұмды», - деді Клименко.

Ресей тарапы әзірге дрондардың соққысы туралы түсініктеме берген жоқ, олардың бірі сенбіге қараған түні Одессадағы тоғыз қабатты тұрғын үйге соққы жасады.

×

Редакция

$ 523.17  550.06  4.93