Жетісу облысында әкімдік қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері әшкере болды

Лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Sarbaz.kz редакторы
04/03/2024 - 14:39

Фото: topobrazovanie.ru

Фото: topobrazovanie.ru

Прокуратура органдары маңызды инвестициялық жобаларды қолдау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Жетісу өңірінде 3 жылдан астам екі шаруа қожалығы бордақылау алаңын салу және асыл тұқымды ауыл шаруашылығы жануарларын өсіру үшін жер телімдерін ала алмаған. Бұл туралы Sarbaz.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, жер заңнамасына қайшы, жергілікті атқарушы орган негізсіз жер телімдерін беруден бас тартқан.

«Прокурорлық қадағалау актісін енгізгеннен кейін инвесторларға жалпы көлемі 39 гектар жер телімдері беріліп, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Инвесторлардың дабылдарына жедел ден қою мақсатында Фронт-офис құрылып, Жетісу облыстық прокуратурасының Мобильді тобы тәулік бойы жұмыс істейді (байланыс телефоны 8-701-131-04-44)», - делінген хабарламада.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91