«Семей орманын» қалпына келтіру үшін қанша жыл кетеді?

Админ
29/06/2023 - 20:31

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Орман алқабы дүние жүзінде 3 млрд гектардан астам аумақты, яғни жер шарының 27-28 пайызын алып жатыр. Ал Қазақстан әлемде орманы аз елдердің қатарына кіреді. Орманның басты жауы өрт. Өкінішке қарай, алапат өрт біздің елімізді де айналып өтпеді. Абай облысында болып жатқан өрттің салдары экологияға қаншалықты зиян? Өртенген ормандарды қалпына келтіру мүмкін бе? Sarbaz.kz тілшісі эколог Азаматхан Әміртайдың пікіріне жүгінді.

«Семей орманының» бүгінде 60 мың гектар жері қызыл жалынға оранды.

«Өртенген орманды қалпына келтіру үшін кемінде 20-25 жылдай уақыт керек. Ал өрттің қоршаған ортаға әкелетін зардабы: ағаштар мен жануарлар, биоалуантүрліліктерге зиянын келтіріп, жойылып кетуі мүмкін, ал өрт кезінде бөлініп шыққан СО2 көмір қышқыл газы мен басқа да зиянды заттар ауаны бұзады. Ол қоршаған ортаға ғана емес адамның денсаулығына да зиянын тигізеді.

Орманды жүйесіз басқарудың себебі осы жағдайға алып келді. Өрт сөндірушілерге ақпарат жылдам жетпеген. Бұның барлығы субьективті қателіктен болып отыр. Қайғылы оқиғаға бәрі жауапты. 2014 жылы «Семей орманы» резерватына халықаралық ұйымдар қаражат бөліп, өртке қарсы видеобақылаулар орнатылған еді. Олар 4-5 жылдай жұмыс істеп, тоқтап қалған», - дейді эколог.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85