Семейде жанып жатқан пәтерден әйел адам құтқарылды

Оқиға 10 қабатты тұрғын үйдің 8-қабатында болған

Sarbaz.kz редакторы
04/03/2024 - 14:02

Фото: ҚР ТЖМ

Фото: ҚР ТЖМ

Семейде өрт сөндіруші жанып жатқан пәтерден әйел адамды құтқарып қалды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, 3 наурыз күні сағат 18:10-да Безымянная көшесінде көпқабатты үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келгенде 10 қабатты тұрғын үйдің 8-қабатындағы пәтерде 5 шаршы метр алаңда жиһаз жанғаны анықталды.

«Семей қаласының №5 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы азаматтық қорғау лейтенанты Әлібек Тұрсынбеков жанып жатқан пәтерден 1969 жылы туған әйелді алып шығып, 103 қызметіне тапсырды.

Сонымен қатар, ТЖД күштерімен баспалдақ маршы арқылы түтінді ғимараттан құтқару қалпақтарын пайдаланып 20 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылды.

Өрттің себебі анықталуда. Өрт сағат 18.36-да толығымен сөндірілді. Сөндіру жұмыстарына барлығы 13 адам және 4 техника жұмылдырылды», – делінген хабарламада.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91