«Жас сарбаз» студиясына әскери қызметшілерінің 200-ден астам баласы қатысады

Астанада Халықаралық әйелдер күніне арналған «Біз көктемнің гүліміз» атты ауқымды іс-шара өтті

Админ
03/03/2024 - 19:08

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

«Жас сарбаз» балалар шығармашылық студиясының тәрбиеленушілері көрермендерді өнерімен тәнті етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Біз көктемнің гүліміз» атты ауқымды іс-шара елордадағы Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының сахнасында өтті.

Жас әртістер көрермендерді балалық шаққа апарып, шығармашылық әлемнен нәрлендірді. Сахнада қазақ композиторларының белгілі шығармалары, халық күйлері, вокалистердің авторлық әндері шырқалды. Фольклорлық және заманауи хореографиялық композициялар да орындалды. 

Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев Қорғаныс министрінің атынан «Жас сарбаз» балалар студиясының жетекшісі 3-сынып сержанты Альмира Асылбековаға және бірқатар педагогтарға алғыс хаттар табыс етті.

Өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік және әскери-патриоттық тәрбиесінде мәдениет пен өнер үлкен рөл атқарады. Жас дарындарға көңіл бөлгені үшін «Жас сарбаз» балалар студиясының педагогтарына рахмет. Сіздер өз жұмыстарыңызға бар ықыласпен атсалысып, бүгін бізді өз таланттарымен қуантқан балалардың қабілеттерін дамытуға тырысып жатқандарыңызды білемін, – деді Тілеухан Басқожаев.

3-сынып сержанты А. Асылбекова «Жас сарбаз» студиясына 4 жастан 14 жасқа дейінгі күш құрылымдары әскери қызметшілерінің 200-ден астам баласы қатысатынын атап өтті. Олар хореография, шешендік өнер, вокал және домбырада ойнауды үйренеді. Сабақтар тегін өткізіледі.

Қорғаныс министрлігінің өкілдері, Қарулы күштердің ардагерлері, әскери қызметшілер, жас әртістерді қолдауға және қуантуға келген балалардың туыстары мен жақындарына ерекше көңіл-күй сыйлады.

Көрермендердің жарқын эмоциялары мен шапалақтары – сахнада өнер көрсетіп жүрген балалардың таңдаған шығармашылық бағытын дамытуға және жетілдіруге деген ұмтылысын нығайтты.

×

Редакция

$ 498.55  524.28  4.75