АҚШ Газа секторына алғашқы гуманитарлық көмегін тастады

АҚШ әскери ұшақтармен Газа секторының тұрғындарына әуе арқылы гуманитарлық көмек жеткізудің алғашқы операциясын жасады

Админ
03/03/2024 - 16:01

GETTY IMAGES

GETTY IMAGES

Үш америкалық C-130 ұшағы 38 мыңнан астам тағамды аштыққа бір қадам қалған адамдарға тастады, деп жазады ВВС сайты.

Контейнерлер парашюттерге тасталды. Сыншылардың айтуынша, өнімдерді парашютпен түсіру жүк көліктермен жеткізуге қарағанда әлдеқайда тиімсіз. Дегенмен АҚШ-қа дейін басқа елдер әуе арқылы көмек көрсетіп жатыр.

АҚШ президенті Джо Байденнің айтуынша, АҚШ болашақта бұдан да көп көмек көрсетеді.

Айта кетейік, бейсенбіде Газа қаласындағы гуманитарлық жүк көліктерінің айналасына жиналған 110-нан астам палестиналық қаза тапқан еді.

ХАМАС бақылауындағы Газа Денсаулық сақтау министрлігі болған оқиға үшін Израильді айыптады, ал Израиль өз атына тағылған айыптарды жоққа шығарды.

Тегтер

×

Редакция

$ 480.61  534.53  5.28