Мұсылмандар үшін қасиетті ай 10 наурызда басталады
АҚШ Президенті Джо Байден қасиетті Рамазан айына дейін Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату туралы келісім жасасуға үміт бар екенін айтты. Дегенмен бұл туралы келісімге әлі қол жеткізілмегенін де мойындады, деп хабарлайды Sarbaz.kz golosameriki.com сайтына сілтеме жасап.
Мен бұған үміттенемін. Біз бұл үшін көп жұмыс істеп жатырмыз. Алайда бұған әлі келген жоқпыз, - деді ол.
Апта басында Байден Израиль мен ХАМАС арасындағы 6 апталық атысты тоқтату туралы келісім дүйсенбі болатынын айтты, бірақ содан кейін мерзімдерін біртіндеп ауыстыра берді.
Айта кетейік, Байден бұған дейін Газа тұрғындарына гуманитарлық көмекті әуеден тастайтынын мәлімдеді.