WSJ: Ресей мен Украина 2022 жылы бейбіт келісім жасамақ болған

Келіссөздер 2022 жылдың маусымына дейін жалғасып, Украинаның бастамасымен аяқталған

Админ
02/03/2024 - 18:38

Turkish Presidency via AP/picture alliance

Turkish Presidency via AP/picture alliance

The Wall Street Journal басылымы Ресей мен Украина арасында 2022 жылдың сәуірінде болған бейбіт келісімдер жобасын жариялады. Жоба 2022 жылғы наурыздың соңында Ыстамбұлда өткен Ресей-Украина келіссөздерінен кейін пайда болған.

Құжат 2022 жылдың 15 сәуірінде, яғни Ресей билігі келісімдерді бұзды деп айыптаған Ұлыбританияның сол кездегі премьері Борис Джонсонның Киевке сапарынан кейін жасалған.

Жоба, атап айтқанда, Украинаның НАТО-ға кіру және бейтарап мәртебені сақтау ниетінен бас тарту міндеттемесін қамтыйды. Бұл ретте Украинаның Еуропа Одағына кіруіне тыйым салынбаған.

Сондай-ақ, мәтінде украин армиясының белгілі бір мөлшерге дейін қысқаруы туралы айтылады. Бірақ бұл сұрақта тараптардың әрқайсысы әртүрлі көзқараста болған. Мәселен Ресей 85 мың әскери, 342 танк, 519 артиллериялық қару десе, Украина 250 мың әскери қызметшіге, 800 танкке және 1900 артиллерияға дейін қысқартуға келіскен.

Сондай-ақ, Украинада шетелдік әскери және қару-жарақты, оның ішінде зымыранды орналастыруға тыйым салынбақ еді.

Құжатта Украинаның егемендігінен ресми түрде бас тартпай, аннексияланған Қырымды Ресей бақылауында сақтау қарастырылды. 2022 жылдың 24 ақпанына дейін Ресейдің бақылауында болған Донецк пен Луганск облыстарының бөліктерінің болашағы екі ел Президенттерінің келіссөздері барысында анықталуы керек еді.

Сондай-ақ құжатта Ресей басып алған басқа территориялардың мәртебесі туралы айтылмаған. Бұған дейін Ресей әскерлерін сол жерден шығару және территорияларды Украинаның бақылауына қайтару қарастырылған деп бірнеше рет айтылған.

Ресей Украина келіспеушілігін туғызған бірқатар талаптар қойған. Бұл Украинада орыс тілінің ресми қолданылуын кеңейту, Украинадағы әскери қылмыстарды тергеуден бас тарту, сондай-ақ барлық санкциялардың күшін жоюға байланысты еді.

WSJ мәлімдегендей, келіссөздер 2022 жылдың маусымына дейін жалғасып, Украинаның бастамасымен аяқталды. Мәскеу бұған дейін келіссөздер сәуір айында аяқталды деп мәлімдеді.

Тегтер

×

Редакция

$ 475.39  513.37  5.4