Германия Қырым көпірін зымыранмен атқылауды талқылады – БАҚ

БАҚ-қа Бундесвер офицерлерінің әңгімесі тарап кетті

Админ
02/03/2024 - 16:02

Thomas Trutschel/photothek/picture alliance

Thomas Trutschel/photothek/picture alliance

"Союз-90/Жасылдар партиясының" коалициясы мен ХДС/ХСС оппозициялық блогының саясаткерлері Ресейдің Германия әскери-әуе күштерінің жоғары лауазымды офицерлерінің (люфтваффе) Қырым көпірін TAURUS зымырандарымен атқылауды талқылаған әңгімесіне қатысты хабарларға алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды dw.com сайты.

Егер бұл оқиға расталса, бұл өте проблемалы оқиға айналады, - деді Бундестагтың барлау қызметтерін бақылау комитетінің төрағасы Константин фон Ноц.

Өз кезегінде ХДС/ХСС фракциясының қорғаныс жөніндегі сарапшысы Родерих Кизеветтер басқа да әңгімелер туралы ескертті.

Әрине, тағы басқа да жазбалар болып, біздің офицерлер тыңдалуы және кейінірек Ресей мүддесі үшін ашылуы мүмкін, – деді Кизеветтер.

Оның айтуынша, Ресей офицерлердің әңгімесін белгілі бір мақсатпен, атап айтқанда Германияның TAURUS зымырандарын Украинаға беруге кедергі жасау үшін жариялады.

Айта кетейік, бұған дейін БАҚ-та Бундесвердің ажоғары лауазымды офицерлерінің 40 минуттық аудиожазбасы пайда болған еді. Ол жерде әскерилер Қырым көпіріне TAURUS зымырандарымен соққы жасауды талқылаған. Осыдан кейін Германияның қорғаныс министрлігі Әуе күштерінде тексеру бастаған болатын.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85