Франция Украинаға әскер жіберуді талқылап жатыр

Бұл қазір шекаралас аумақтарда Ураина әскерін оқытып жатқан әскери кеңесшілер тобы болуы мүмкін

Админ
02/03/2024 - 15:05

Aurelien Meunier/Getty Images

Aurelien Meunier/Getty Images

Батыс әскерін Украинаға жіберу туралы шешім, ең алдымен, Ресей үшін "стратегиялық дилемма" болмақ, деп хабарлайды Le Monde өз дереккөздеріне сілтеме жасап.

Басылым ақпаратынша, Париж Украина аумағында Сыртқы қауіпсіздік бас дирекциясы (DGSE), яғни Францияның барлау қызметкерлерінің болғанын "үнсіз мойындаған".

Ал украиналық дипломат елде Украинаны қолдайтын барлық мемлекеттердің арнайы қызметтерінің қызметкерлері бар екенін айтқан болатын. Сондай-ақ, басылым қақтығыс кезінде "Украинаның бас штабтарына немесе барлық түрдегі арнайы күштерге енгізілген дипломатиялық персоналдың және "кеңесшілердің" сапарлары туралы жазады.

Дегенмен арнайы қызметтердің қызметкерлері саналмайтын сарбаздар және Қарулы Күштердің Бас штабына бағынатын арнайы жасақтар Украина шекарасын ешқашан кесіп өтпеген. Олар Польша сияқты шекаралас аумақтарда Уукраина әскери күштерін оқытумен ғана айналысқан.

Париж осындай арнайы әскердің шағын топтарына Украина шекарасынан өтуге рұқсат беруді қарастыруда.

Француздар украиндықтарға ұсынғысы келетін жаттығулар, атап айтқанда, жердегі әуе шабуылына қарсы қорғанысқа қатысты болады. Француз сарбаздарының немесе басқа елдердің сарбаздарының шекараны өтуі Украина территориясының кейбір аймақтарын қауіпсіз етіп, Мәскеудің кедергісіз әрекетін айтарлықтай шектейтін еді, – делінген хабарламада.

Тегтер

×

Редакция

$ 479.05  534.57  5.17