Путин запастағы азаматтарды әскери жиындарға шақырды

Ресей президенті арнайы жарлыққа қол қойды

Админ
02/03/2024 - 14:29

Юрий Смитюк/ТАСС

Юрий Смитюк/ТАСС

Ресей президенті Владимир Путин 2024 жылы запастағы азаматтардың әскери жиындарына шақыру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Sarbaz.kz Ведомости сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы 2024 жылы запастағы азаматтарды Қарулы Күштерде, Ұлттық ұлан әскерлерінде, ТЖМ құтқару әскери құралымдарында, Мемлекеттік күзет органдарында және ФСБ-да әскери жиындардан өтуге шақыруға қаулы етті.

Путин Украинада арнайы операция басталар алдында, яғни 2022 жылдың 18 ақпанында, дәл осындай құжатты мақұлдаған болатын. Осыған ұқсас құжаттардың барлығында "қызметтік пайдалану үшін" деп белгіленген бірнеше тармақ бар екенін айта кетейік.

Әскери міндет және әскери қызмет туралы заңда запастағы азаматтар әскери жиындарға тек дайындық үшін шақырылады және жиындарды басқа мақсаттарда өткізуге жол берілмейтіні айтылған. Әскери бөлімдер мен әскери комиссариаттардың жауынгерлік және жұмылдыру дайындығын тексеру бойынша оқу-жаттығу жиындары бар.

Жиындардың ұзақтығын, олардың орны мен өткізу уақытын Қорғаныс министрлігі айқындайды, алайда ұзақтығы екі айдан аспауға тиіс.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85