Милад әлі екі бәсекенің финалында өнер көрсетеді
Қытайда өтіп жатқан Дүниежүзілік Универсиада ойындарында ел қоржынына күміс жүлде түсті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Спорттық гимнастикадан сынға түскен Милад Карими жекелей жарыстағы еркін жаттығуда 14.300 ұпай жинап, екінші орын алды. Сонымен қатар Милад әлі екі бәсекенің финалында өнер көрсетеді.
Еркін жаттығуға қатысқан тағы бір қазақстандық спортшы Дмитрий Патанин 13.566 ұпай жинап, бесінші орын алды.
Еске сала кетейік, Универсиада 28 шілде – 8 тамыз аралығында Қытайдың Чэнду қаласында өтеді. Оған Қазақстан атынан 90 спортшы 10 спорт түрі бойынша қатысып жатыр.