Әскери қызмет уақытында несиелік «демалыс» алуға болады
Көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде Қарулы Күштер мен басқа да әскери құрылымдар қатарына 20 мыңнан астам адам шақырылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары, полковник Азамат Досымов мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Оған 18-27 жас аралығындағы әскерден қалуға себеп жоқ ер адамдар шақырылады.
Әскери қызметшілер қызмет өткерген уақытына несиелік «демалыс» ала алады. Қазіргі уақытта 6 мыңнан астам әскери қызметкердің 2 миллиард теңгеден астам несиесі кейінге қалдырылды.
Әскери борышын өтеген жас қазақстандық ЖОО-ға ҰБТ-сыз ақылы негізде түсе алады, қызметте ерекше көзге түскен талапкерлер мемлекеттік грантқа, оның ішінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға құжат тапсыра алады.