Заңсыз әрекет тоқтатылды
Көкшетау қаласының прокуратурасы 2 млрд теңгеден астам сомаға заңсыз жасалған шартты анықтады. Бұл туралы Sarbaz.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, Көкшетау қаласының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдылықтың сақталуына талдау жүргізу барысында қала әкімдігі заңнама талаптарын бұза отырып, конкурс өткізбей, бір көзден құны 2,5 млрд теңге болатын көппәтерлі тұрғын үйді салуға шарт жасағаны анықталды.
«Прокуратура актісі негізінде 13.02.2024 ж. сот шартты жарамсыз деп таныды, қаражат басқа да әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталып, кінәлі тұлғалар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.