Тоқаев елімізді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі дамыту жөнінде тапсырмалар берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдады. Бұл туралы Sarbaz.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Премьер-Министр мынандай мәселелер туралы мәлімет берді:
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өнеркәсіптің перспективті салаларын қарқынды түрде дамытуға ерекше назар аударылып жатқанын жеткізді.
Сол сияқты заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның жұмысы туралы айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.