Балықшылар мұзды суға құлап кеткен жеті жасар баланы құтқарып қалды

Оқиға 29 ақпан күні болған

Sarbaz.kz редакторы
01/03/2024 - 16:55

Фото: Видеодан скриншот

Фото: Видеодан скриншот

Астанада балықшылар мұзды суға құлап кеткен 7 жасар баланы құтқарып қалды. Бұл туралы Sarbaz.kz қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сарыарқа ауданы ПБ полиция бөлімінің бастығы Қадыр Малғаздаров қаланың 7 жастағы тұрғынын марапаттады.

Белгілі болғандай, 29 ақпанда 7 жастағы Пусь Дархан атты бала досының суға батып бара жатқанын көріп, балықшыларды көмекке шақырып үлгерген. Сондай-ақ суға батып бара жатқан баланы құтқарған батырлардың бірі – балықшы Абдужапбар Абдураимовқа да бағалы сыйлық «қол сағаты» табыс етілді.

Бұл оқиға бойынша 102 жедел арнасына Есіл өзенінің жағалауында балықшылар кәмелетке толмаған баланы судан алып шыққаны туралы хабар түсіп, жедел түрде автопатруль жіберілген.

«Анықталғандай, түскі астан кейін 7 жастағы бала құрбысымен жағалау бойымен серуендеуге барып, олар ойнап жүріп мұзға шыққан. Бір кезде мұз жарылып, балалардың бірі суға құлап кеткен. Жақын жерде балықшыларды көрген бала оларға жүгіріп барып, болған жағдайды айтып көмек сұраған. Әп-сәтте суға батып бара жатқан балаға балықшылар дереу жеткен. Көмекке келген ер адамдардың жедел әрекетінің арқасында, құлаған бала құтқарылып, кейін жедел жәрдем шақырылған. Қазіргі уақытта баланың жағдайы жақсы», - делінген ПД хабарламасында.

×

Редакция

$ 485.11  523.82  5.02