Гаитиде азаматтық соғыс басталды

Атыс бейсенбі күні премьер-министр Ариэль Анри іссапармен Кенияда жүргенде басталды

Sarbaz.kz редакторы
01/03/2024 - 14:50

Фото: Associated Press

Фото: Associated Press

Гаити мемлекетінде азаматтық соғыс басталды. Қарулы топ ел астанасы Порт-о-Пренске шабуыл жасады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Associated Press агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шабуылдан кем дегенде 4 полиция қызметкері қаза болды.

Қала орталығындағы және халықаралық әуежай маңындағы атыс бейсенбі күні премьер-министр Ариэль Анри іссапармен Кенияда жүргенде басталды. Премьер-министр шетелдік қарулы контингентпен елдегі қарақшылармен күресу үшін келіссөздер жүргізуге Кенияға кеткен.

Ал қарулы топтың жетекшісі Джимми Шеризьенің айтуынша, премьер-министрдің елге оралуына мүмкіндік берілмейді.

«Қолымыздағы қарумен және Гаити халқымен бірлесіп, елімізді азат етеміз», - дейді шабуыл жасаған топ мүшелерінің бірі.

Агенттік мәліметінше, ел астанасының бос көшелерін брондалған техникалармен күзетіліп жүр. Ал әуежай төтенше жағдайға байланысты ішкі және халықаралық рейстерді тоқтатты.

Гаити 2021 жылдың жазында президент Жовенель Моиз өлтірілгеннен бері әлеуметтік-саяси дағдарысты бастан кешіруде. Ал қазіргі биліктің әрекетсіздігінен кейін бопсалаумен, ақша ұрлаумен айналысатын және елдің барлық аймағын, оның ішінде жанармай терминалдарын бақылайтын бандиттік топтар құрылды.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91