Германия канцлері Украинаға әскер жіберуден бас тартты

Ол Ресей мен Украина соғысының «Ресей мен НАТО арасындағы соғысқа айналуын» қаламайтынын атап өтті

Sarbaz.kz редакторы
29/02/2024 - 23:49

Фото: Fred Dugit/dpa/picture alliance

Фото: Fred Dugit/dpa/picture alliance

Германия канцлері Олаф Шольц Украинаға әскер жіберу жоспарында жоқ екенін айтты. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі DW агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Германияның федералды канцлері ретінде мен Украинаға қарулы күштеріміздің сарбаздарын жібермеймін.

НАТО бұл соғысатын тараптарының бірі емес және болмайды», - деді Германия канцлері.

Ол Ресей мен Украина соғысының «Ресей мен НАТО арасындағы соғысқа айналуын» қаламайтынын атап өтті.

Сол сияқты Берлиннің бұл мәселедегі ұстанымы оның НАТО-дағы одақтастарының ұстанымына сәйкес келеді, деді ол.

«Ал бұл дегеніміз, Германия соғысқа қатыспайды!» - деді Шольц.

Осыған дейін Франция президенті Эммануэль Макрон Украинаға батыс әскерлерін жіберу мүмкіндігі туралы айтқан болатын.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91