Путин Батыс елдерімен ықтимал ядролық қақтығыс туралы айтты

Путин Макронға жауап берді

Sarbaz.kz редакторы
29/02/2024 - 23:25

Фото: Видеодан скриншот

Фото: Видеодан скриншот

Ресей президенті Владимир Путин Украинаға өз әскерін жіберетін елдерге ескерту жасады. Сол сияқты ядролық қақтығыс туралы пікір білдірді. Бұл туралы ол федералдық жиналыста мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап.

Владимир Путин Франция президенті Эммануэль Макронның Украинаға Батыс әскерін жіберу мүмкіндігі туралы сөзіне қарсы жауап берді.

«Батыс «Ресей Еуропаға шабуыл жасамақшы» деп отыр, бұл ақымақтық... Олар Украинаға НАТО-ның әскери контингентін жіберу мүмкіндігі туралы айтып жатыр. Бірақ бір кездері өз әскерін Ресейге жібергендердің тағдыры қандай болғаны есімізде. Ал ендігі жағдайда салдары одан да ауыр болуы мүмкін. Олар біздің қолымызда да соққы бере алатын қару бар екенін ұмытпағаны жөн, - деді Путин.

Ол сондай-ақ ядролық қаруды қолдану мәселесі туралы да айтып өтті.

«Олар (Батыс) ойлап тапқан және әлемді қорқытатын нәрселер шынымен да ядролық қақтығысқа әкелуі мүмкін. Ал бұл өркениеттің жойылуын білдіреді», - деді Путин.

Сонымен қатар Владимир Путин Ресейдің стратегиялық ядролық күштері қолдануға толық дайын екенін, «Авангард» және «Пересвет» гипердыбысты кешендері жауынгерлік кезекшілікте тұрғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, қару-жарақ саласында жоспарланғанның бәрі орындалды яки жұмыс аяқталуда.

«Кинжал» гипердыбыстық авиациялық кешені қызметке қойылып қана қоймай, арнайы әскери операция барысында аса маңызды мақсаттарды жеңу үшін жоғары тиімділікпен пайдаланылады. Жауынгерлік кезекшілікте «Авангард» құрлықаралық диапазондағы гипердыбыстық блоктар және «Пересвет» лазерлік кешендері тұр», - деді Путин.

Ресми мәліметтерге сәйкес, «Кинжал» – МиГ-31 модернизацияланған алыс қашықтықтағы истребитель-тосқауылшы негізінде құрылған жоғары дәлдіктегі гипердыбыстық аэробаллистикалық зымыраны бар авиациялық кешен.

Ресей әскери күштерінің сөзінше, ол 2 мың шақырымнан аса қашықтықтағы нысандарға соққы бере алады. Сонымен қатар барлық қолданыстағы және дамып келе жатқан әуе және зымыранға қарсы қорғаныс жүйелерін жеңуге кепілдік береді.

×

Редакция

$ 471.46  504.79  5.53