Жамбыл облысында аудан әкімдігі 479 млн теңгені орынсыз жұмсамақ болған

Прокурорлар заңсыз әрекетті анықтады

Sarbaz.kz редакторы
29/02/2024 - 22:27

Фото: Жамбыл облысының прокуратурасы

Фото: Жамбыл облысының прокуратурасы

Жамбыл облысының прокурорлары 479 млн теңгеге заңсыз мемлекеттік сатып алудың жолын кесті. Бұл туралы Sarbaz.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қордай ауданының бақылаушы органы жергілікті әкімдіктің «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң талаптарын сақтауына талдау жүргізілген.

«Тексеріс барысында құны 479 млн теңгеге облыстық маңызы бар автожолдың орташа жөндеу жұмысы бойынша мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысын дұрыс анықтамау фактісі әшкере болды.

Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде аталған конкурс бұзылды», — деп жазды прокуратурадан.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91