Тәліптер Астанадағы форумға шақырылды: ҚР СІМ түсініктеме берді

Роман Василенконың айтуынша, «Талибан» қозғалысына қатысты әлі де белгілі бір сұрақтар

Sarbaz.kz редакторы
29/02/2024 - 20:48

Фото: Evgenia Novozhenina/Reuters

Фото: Evgenia Novozhenina/Reuters

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Астанадағы халықаралық форумға қатысуға «Талибан» өкілдерінің шақырылуына қатысты түсінік берді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Біріншіден, сауда-экономикалық ынтымақтастыққа баса назар аударылады. Екіншіден, қазір осы елмен және Ауғанстанда жұмыс істеп жатқан қазіргі басшылықпен барша әлем қарым-қатынасын құрып жатыр», - деді Роман Василенко Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, «Талибан» қозғалысына қатысты әлі де белгілі бір сұрақтар қалды.

«Әрине, «Талибан» қозғалысының әйелдердің үкімет құрамында болуы, әйелдердің құқықтарын қорғауға қатысты өз уәделерін орындауына қатысты мәселе бар. Ұлттық азшылық өкілдерін билікке тартуда да сұрақтар бар. Дегенмен, «Талибан» қозғалысы негізіндегі қазіргі әкімшіліктің болуы – ол объективті түрде мойындалған факт. Ауғанстан – Орталық Азиядағы өңірлік көрші. Қазіргі кезде мұндай өзара іс-қимыл біздің мүдделерімізге сәйкес келеді», - деді министрдің орынбасары.

Осыған дейін Ауғанстан билігіндегі «Талибан» өкілдері Астанадағы халықаралық форумға қатысу үшін Қазақстанға шақыртылғаны мәлім болды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан «Талибанды» елде тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығарды.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85