Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрлігі нақты мәліметтер жариялады
Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрі Шин Вон Сик Мәскеу мен Пхеньян арасындағы сауда-экономикалық байланыстарға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, Солтүстік Корея Ресейге зымырандарды азық-түлікке айырбастап жатыр. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі EurAsia Daily басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Шин Вон Сик сондай-ақ соңғы бірнеше айда солтүстіккореялықтар Мәскеуге үш миллионға жуық зымыран жөнелткенін мәлімдеді.
Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрлігінде нақтырақ деректер бар. Шин Вон Сик 3 миллион 152 мм снаряд немесе жарты миллион 122 мм снаряд 6 700 контейнер арқылы жеткізілгенін қозғап өтті.
«Солтүстік Кореяның қару-жарақ зауыттары шикізат пен электр қуатының тапшылығына байланысты небәрі 30% қуаттылықпен жұмыс істеп тұр. Дегенмен Ресейге қару-жарақ пен оқ-дәрі жіберу үшін кейбірі толық қуатта жұмыс істейді», - деді Шин Вон Сик.
Ол өз сөзінде Ресей «Солтүстік Кореядағы азық-түлік бағасын тұрақтандыруға» арналған азық-түлік өнімдері бар контейнерлерді 30% аз жіберетінін айтып өтті.