Балаларға арналған демалыс 21 күнге есептелген
Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілердің балаларына арнап Бурабай демалыс аймағына квота бөледі, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Квота арқылы 2024 жылы мыңнан астам бала «Балдәурен» орталықтарында демалатын болады.
Балаларға арналған демалыс 21 күнге есептелген, бұл уақыт ішінде олар мәдени-демалыс іс-шараларына, сауықтыру шараларына және мектеп бағдарламасы бойынша оқуға қатысады.
Сонымен қатар, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында биылдан бастап бірқатар жаңа білім беру бағдарламасын енгізу жоспарланып отыр.
«Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығы 2000 жылы құрылған. Ол еліміздің ең көрікті түкпірлерінің бірінде, Щучье көлінің жағасында Боровский ауданында орналасқан.
Қазіргі таңда бұл орталық ТМД елдеріндегі жалғыз орталық болып саналады. Ол жыл бойы жұмыс істейді және бір ауысымда 288 баланы қабылдайды. Орталыққа жолдама алған 11 жастан 16 жасқа дейінгі балалар арасындағы оқу озаттары жіберіледі. Орталыққа әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың, балалар үйлері мен мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілері, мүмкіндігі шектеулі балалар да барады. Жолдамалар облыстық білім басқармалары арқылы жергілікті жерлерде таратылады.
Айта кету керек, «Балдәурен» орталығында балаларға қажетті сауықтыру, физика-химия, лингафон кабинеттері, әмбебап қамтылған қысқы және жазғы спорт алаңдары, ойын бөлмелері және үлкен бассейн бар.