Бас прокуратура Самат Әбіштің ісіне қатысты түсініктеме берді

Ол билігін және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген

Sarbaz.kz редакторы
28/02/2024 - 20:37

Фотоколлаж: Halyq Uni

Фотоколлаж: Halyq Uni

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында Самат Әбіштің ісіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлвйды Sarbaz.kz.

«Мен тек істің сотта қаралып жатқанынан хабардармын. Ол қазір Қазақстанда, ешқайда кетпеу туралы қолхаты бар. Қалғанын айта алмаймын», - деді Әсет Шындалиев.

Ол өз сөзінде қылмыстық істе мемлекеттік құпия бар екенін атап өтті.

Айта кетейік, Самат Әбіш 2022 жылғы қаңтарға дейін ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған еді. Бас прокуратура қаңтар оқиғасынан кейін экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіштің үстінен Қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-бөлігі бойынша («Билікті немесе лауазымды өкілеттіктерді асыра пайдалану») қылмыстық іс қозғаған болатын.

Осы қылмыстық іс аясында Самат Әбіш ауыр салдарға әкеп соқтырған билігін және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91