Еурокомиссия Ресейдің бұғатталған активтерін Украинаға беру мәселесін талқылады

Ресей Орталық банкінің 300 миллиард долларға жуық активтері бұғатталған

Sarbaz.kz редакторы
28/02/2024 - 21:59

Фото: Alexandros Michailidis/ Shutterstock

Фото: Alexandros Michailidis/ Shutterstock

Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақта бұғатталған ресейлік активтерден түскен ақшаны Украина армиясына қажет қару-жарақ сатып алуға жұмсау керектігін айтты. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Еуропарламентте сөйлеген сөзінде фон дер Ляйен: «Бізге Ресейдің тоқтатылған активтерінен түсетін ауқымды қаражатты Украинаға әскери техника сатып алуға пайдалану мәселесін талқылайтын кез келді», - деді. «Украинаны және бүкіл Еуропаны адамдар өмір сүруі үшін қауіпсіз етуден артық және бұл қаражатты жұмсаудың тиімді жолы жоқ».

Ақпан айының басында Еуроодақ басшылары Украинаға 2024-27 жылдары 50 миллиард еуро көлемінде қаржылық көмек бөлуге келісті. ЕО Киев үшін пакетті қаржыландырудың бір жолы Еуропа елдерінде бұғатталған Ресейдің мемлекеттік активтерінен түсетін кіріс болуы мүмкін деп мәлімдеді.

Еуропа Одағы, АҚШ, Жапония және Канада Ресей мен Украина соғысы басталғаннан кейін 2022 жылы Ресей Орталық банкінің 300 миллиард долларға жуық активтерін бұғаттады. Олардың 200 миллиардқа жуығы Еуропада, негізінен бельгиялық Euroclear орталығында сақталған.

Жақында Reuters агенттігі өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, Еуропалық Одақтың Ресей Орталық банкінің бұғатталған активтерін тәркілеуі екіталай деп хабарлады, өйткені еуропалық шенеуніктер бұл идеяны заң тұрғысынан тым қауіпті деп санайды.

Батыс ақпарат құралдарының хабарлауынша, Бельгия қазірдің өзінде ресейлік активтерді сақтаудан салық алып отыр. Қазан айында елдің премьер-министрі осылайша 1,7 миллиард еуро алынғанын, бұл қаражат Украинаны әскери техникамен және гуманитарлық көмекпен қамтамасыз етуге жұмсалуы керектігін айтқан.

×

Редакция

$ 485.11  523.82  5.02