Бюджеттен 1,2 млрд теңге жымқырған лауазымды қызметкер сотталды

Қоянды ауылының көше желілерін күрделі жөндеу барысында қаражат ұралнған

Sarbaz.kz редакторы
28/02/2024 - 21:29

Фотоколлаж: Azattyq Ruhy

Фотоколлаж: Azattyq Ruhy

Ақмола облысында Целиноград ауданындағы ЖАО бұрынғы басшысы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін сотталды. Бұл туралы Sarbaz.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Целиноград ауданының прокуратурасымен автожол саласындағы тексеру нәтижелері бойынша Қоянды ауылының көше желілерін күрделі жөндеу және салу кезінде жерглікті атқарушы органның бұрынғы басшысымен және кәсіпкермен 1,2 млрд теңге сомасына бюджет қаражатын ұрлау фактісі анықталды.

«Аудан прокуратурасымен тіркелген 2 қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеу Ақмола облысының прокуратурасының арнайы прокурорларымен жүргізілді.

Іс қозғалған кезде Біріккен Араб Әмірліктерінде болған Целиноград ауданының жергілікті атқарушы органының бұрынғы басшысы, қамауға алынған. 1,2 млрд теңгеден астам көлемінде келтірілген залал толық өтелді, тергеу қорытындысы бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді.

2024 жылғы 12 ақпанда осы тұлға Целиноград аудандық сотының үкімімен ҚК 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, бас бостандығынан айрылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - делінген хабарламада.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91